Арыста атысқандар сотталды

Шымкентте Арыс қаласын екіге бөліп, атыс ұйымдастырған жігіттерге қатысты сот үкімі оқылды. Мамандандырылған сотта іске төрағалық еткен судья Дәурен Мадалиев сотталушылардың кінәлі деп шешім шығарды. Үкім оқылмас бұрын судья осы қылмысты істі тергеген ішкі істер департаменітнің аса маңызды істерді тергейтін тергеушіге жекеше қаулы шығарды. Өйткені тергеуді жүргізген Құрманбеков елеулі заң бұзушылықттарға жол берген болып шықты.

Арыста атысқандар сотталды

Қылмысты іс бойынша жинақталған материалдарда басты айыпталушы Арман Сарыбаевты 11 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды. Ол жазасын қатаң режимде өтейтін болып шешілді. Ал оның сыбайласы Нұрмахан Сүлейменовке жаза жеңілдетіле берілді — 8 жыл.

Арыста атысқандар сотталды

Оқылған үкім заңды күшіне 15 күннен кейін енеді. Оған дейін үкіммен келіспеген тараптар шағымдануға құқылы. Еске салайық, бұл оқиға Арыс қаласында тіркелген. Оқиға екі жігіттің бір-біріне деген алауыздығынан туындаған. Сөйтіп Арыс-1 және Арыс-2 деп бөлінген бір ауылдың жігіттер көшелердің ортасында жаппай атысып, пышақтасқан.

Ернар Балабеков

Пікір қалдыру

1 пікір - "Арыста атысқандар сотталды"

Маған хабар беру:
777

Арман бауырымыз жаксы жигит! Боска кетти сотталып

wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР