Арыста атысқандар сотталды

634
Арыста атысқандар сотталды

Шымкентте Арыс қаласын екіге бөліп, атыс ұйымдастырған жігіттерге қатысты сот үкімі оқылды. Мамандандырылған сотта іске төрағалық еткен судья Дәурен Мадалиев сотталушылардың кінәлі деп шешім шығарды. Үкім оқылмас бұрын судья осы қылмысты істі тергеген ішкі істер департаменітнің аса маңызды істерді тергейтін тергеушіге жекеше қаулы шығарды. Өйткені тергеуді жүргізген Құрманбеков елеулі заң бұзушылықттарға жол берген болып шықты.

Арыста атысқандар сотталды

Қылмысты іс бойынша жинақталған материалдарда басты айыпталушы Арман Сарыбаевты 11 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды. Ол жазасын қатаң режимде өтейтін болып шешілді. Ал оның сыбайласы Нұрмахан Сүлейменовке жаза жеңілдетіле берілді – 8 жыл.

Арыста атысқандар сотталды

Оқылған үкім заңды күшіне 15 күннен кейін енеді. Оған дейін үкіммен келіспеген тараптар шағымдануға құқылы. Еске салайық, бұл оқиға Арыс қаласында тіркелген. Оқиға екі жігіттің бір-біріне деген алауыздығынан туындаған. Сөйтіп Арыс-1 және Арыс-2 деп бөлінген бір ауылдың жігіттер көшелердің ортасында жаппай атысып, пышақтасқан.

Ернар Балабеков