//
Ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасы талқыланды Жаңалықтар 

Ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасы талқыланды

масссссссссссссссссссссӨз-өзін жұмыспен қамтып отырған шаруалардың базынасы бір. Аграрлы секторға бөлінген қаржының қолжетімді болуын қалайды. Бұл қаржының үлестірілуінде әкімшілік кедергілер жетерлік. Мұны облыс әкімі де жасырмады.

Десе де күнгейдің епті шаруалар бұл істің де үдесінен шығып отыр. Айта кетейік, ауыл шарушылығын дамыту мақсатында беріліп жатқан қаржының көмегімен соңғы екі жылда өңірде ұсақ мал саны 24 пайызға көбейіп, 4 жарым млн басқа жуықтаса, ірі қара малдың басы 26 пайызға өсіпті.

Айта кетейік, биыл тағы өңірде мал бордақылау алаңы салынады. Қазір шаруалар қаражаттарын алып жатыр. Премьер-министрмен кездесуде аграрлық сектор өкілдері ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу және сақтауға, сондай-ақ көлік тарифтеріне қатысты мәселелерді көтерді. Мәсімов мырза өңір басшысы мен жергілікті кәсіпкерлердің ұсыныстарын тыңдай келе өз шаруларға көмек қолын созатынын жеткізді.

Үкімет мүшелері іс-сапары кезінде “Мамлакат” жеке шаруа қожалығының да жұмысымен танысты. Айта кетейік, ауыл шаруашлығы өнімдерін шағаратын кәсіпорын бүгінде жүздеген адамды жұмыспен қамтып отыр.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz