Базарда көкөніс пен жеміс-жидектің бағасы түспей тұр

629
Базарда көкөніс пен жеміс-жидектің бағасы түспей тұр

Биыл сауда қатарларында көкөністердің бағасы түспей тұр. Әсіресе шетелден әкелінетін жеміс-жидектің бағасы шарықтап кеткен.

Ал жергілікті диқандардың өнімі қалтаға аздап болса қонымды. Десе де, қыстың қамын жасап, банкі жабуға кіріскен қараша бағаның қымбаттылығына қарамастан сауда жасауда.

Базарда көкөніс пен жеміс-жидектің бағасы түспей тұр

Базарда бір келі қызанақ 150 теңгеден сатылуда. Ал қиярдың бағасы – 100 теңге. Құлпынай 350 теңгеден саудаланса, таңқурайдың бағасы 750 теңгеден босатылып жатыр. Дегенмен, тұтынушылардың басым бөлігі банкі жабудан гөрі дайын өнімді алғанды ұтымдырақ дейді.

Жемістерден тосап қайнатуда ең басты қажет зат –  құмшекер. Биыл наурызда көтерме саудадағы құмшекердің келісі 195 теңге болса, қазір орта есеппен 270 теңгеге шықты. Алдағы уақытта тағы қымбаттайды деген болжам бар. Мамандар бағаның шарықтауын әлемдік нарықтағы тұрақсыздыққа тікелей байланысты деп отыр.

Қайрат Базарбеков, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі: «Биыл қанттың бағасы өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға көтерілген. Облыстың орталығына қант тасымалдайтын орталықтармен келіссөз жүргізілді. Олар бағаның шарықтап кетуін тікелей өндіруші компаниялардың бағаның өсуімен байланыстырады.»

Қалалық әкімдіктегі кәсіпкерлік бөлімінің мамандары күнделікті сауда орындарындағы өнімдерге талдау жасап отырамыз дейді. Мамандардың айтуынша, алдағы күз айларында жергілікті көкөніс пен жеміс-жидектердің бағасы бір қалыпқа түсуі тиіс. Бірақ, шетелден тасымалданатын тауарлардың құны бақылауға алынбайтынын ескертті.