//
Жаңалықтар 

Бірінші сынып оқушылары бес күн оқиды

эконом минисЖаңа оқу жылынан бастап бірінші сынып оқушылары үшін бес күндік оқу жүйесі енгізіледі. Бұл «Назарбаев зияткерлік мектебінің» бағдарламасы негізінде жаңартылған оқу бағдарламасына және әлемдік озық тәжірибеге сәйкес келетіндігімен байланысты.

Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің қатысуымен Түркістанда өткен қазақстандық білім беру проблемалары мен перспективалары жөнінде кеңесте саладағы реформалар талқыланды. Оқу бағдарламасын қысқартпау үшін бірінші сынып оқушылары 1 қыркүйектен 1 маусымға дейін оқиды.

Келесі жылы екінші, бесінші, жетінші және тоғызыншы сынып оқушылары да бес күндік оқу жүйесіне көшеді. Ал 2018 жылдан бастап қалған сыныптар жаңа оқу режімі бойынша білім алады. Сондай-ақ, 2020 жылға қарай Қазақстанда 12 жылдық білім беру жүйесіне ауысу жоспарланып отыр.

Жиында өңірдегі апатты мектептердің жайы туралы да айтылды. Бүгінде облыста үш ауысымда сабақ беретін және апатты жағдайдағы мектеп саны 40-тан асып жығылады. Айта кетейік, өңірдегі мыңнан астам білім ордасының 700-і – типтік мектеп.

Ал 300-ден астамы ыңғайластырылған жəне сабаннан салынған. Түйткілді мектептер мәселесін шешу мақсатында биыл ұлттық қордан жəне облыстық бюджеттен 22,5 миллиард теңге бөлінді.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz