//
Шымкентте 4 адамды қаққан көлік жүргізушісіне іздеу жарияланды Жаңалықтар Оқыс оқиға 

Исмаил Сүлейменге халықаралық іздеу жарияланды

Шымкентте 4 адамды көлігімен қағып кеткен жас жүргізушіге халықаралық маңыздағы іздеу салынбақ. Қалалық полиция қызметкерлері осылай деп хабарлады.

Шымкентте 4 адамды қаққан көлік жүргізушісіне іздеу жарияланды

Еске салайық, қайғылы оқиға 13 тамыз күні таңғы сағат 5:30 шамасында болған. Жол жөндеп жатқан жұмысшыларды көлік қағып кетеді. Куәлердің айтуынша, БМВ көлігі қатты жылдамдықпен келіп, тоқтамаған күйі жұмыс болып жатқан жерге қойып кеткен.

Сол жерде 4 адамды жаншып өтеді. Қатты соққының салдарынан бір адам оқиға орнында мерт болды. Жас жігіт кранның темір тіреуіне жаншылып, тіл тартпай кеткен. Тағы үш адам ауыр халде ауруханада жатыр. Ал 20 жастағы Сүлеймен оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция қызметкерлері көліктің жүк салғышынан оқтары бар тапанша тауып, тәркілеп алған.

Бүгінгі таңда БМВ көлігінің ішінде отырған үш жігіт ұсталды. Олар да жол апатынан кейін қашып кеткен еді. Тергеу кезінде қолға түскендер сол кезде түнгі клубтан қайтып келе жатқандарын мойындады. Ішіп алғандарын да жасырған жоқ. Ал көлікті басқарып отырған жігіт туралы мәліметтерде оның Шымкенттегі таңдаулы мектепті тәмамдағаны айтылады. Қазіргі таңда Дубайда оқып жүруі мүмкін.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz