Көкірек безінің қатерлі ісігі жастарға жұғуда

Елімізде онкологиялық аурулар жасарып келеді. Дәрігерлер осылай деп алаңдап отыр. Әсіресе көкірек безі ісігіне шалдыққандар. Өйткені соңғы жылдары маммологтар, тіпті, 20 жастағы қыздарға ота жасауда.

Марат Ижанов, ОҚО онкологиялық диспансердің мамолог дәрігері: «Науқастар жыл санап жасаруда. Тіпті 20 жастағы қыз-келіншектер де кезесіп жатыр. Ал олардың бір мүшесін алып тастау — олар үшін ауыр тиеді. Соның салдарынан кей науқастар түрлі күйзеліске ұшырап жатады. Ауруының үстіне ауру қосып алады».

Емшек безі ісігіне ұшырағандар саны да азаяр емес. Мәселен, облыс бойынша 2014 жылы 280 жаңа науқас тіркелсе, 2015 жылы оның саны 320-ға жеткен. Тек бір қуаныштысы, науқас саны артқанымен, олардың денінде дерттің алғашқы сатысы анықталуда. Яғни сүт безіндегі 1 см-ге дейінгі ісік аурудың бірінші кезеңіне жатады. Бұл да скринингтік тексерудің нәтижесі дейді дәрігерлер.

Қазақстанда Алматы, Қарағанды қалаларында рак ауруына шалдыққан жандарға арнайы имплантант салынады. Мұндай тәсіл 2 айдан бері ОҚО онкологиялық диспансерінде де қолға алына бастады. Күні бүгінге дейін 3 адамға жасанды көкірек формасы салынған.

— Науқастарға психологиялық тұрғыдан проблеманы азайту үшін бүкіл әлем қолданып жатқан ота жасаудамыз. Cүт безі толық алынғанымен, орнына имплантант қоямыз. Әрине, ол барлық науқастарға жасалмайды. Алдымен олардың өз қалауы болуы керек. Екіншіден, қатерлі ісіктің дистологиялық жағдайы мен адамның жасы ескеріледі,- дейді ОҚО онкологиялық диспансердің маммолог дәрігері Марат Ижанов.

Мамандардың сөзінше, Қазақстанда жыл сайын 3500-ге дейін жаңа науқастар тіркеледі. Ең көп көрсеткіш Петропавл, Павлодар қалаларына тиесілі. Оған экологиялық жағдайдың нашарлығы, бала туу санының аздығы, бала емізбеу, тұрмысқа уақытында шықпау, тұқым қуалаушылық аурулар себеп болуы әбден мүмкін. Ал ОҚО-да бұл көрсеткіш айтарлықтай аз. Яғни еліміз бойынша ең төмен көрсеткіш — біздің өңірде. Өйткені Оңтүстікте бала туу деңгейі әлдеқайда жоғары.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР