Көксәйектегі бұлақ жанына қалдық су жиналуда

908
Көксәйектегі бұлақ жанына шайынды құдық салынған

Табиғат байлығын бағаламағандар бұлақ суын ластауда. Көксәйек тұрғындары ертеден киелі тұтатын бұлаққа моншадан шыққан шайынды су құйылып жатқанына налиды. Осыны жасаған кәсіпкердің қылығын заңсыз деп, жауапты мекемелерге шағымдануда.

Көксәйектегі бұлақ жанына шайынды құдық салынған

Ел аузында киелі атанған бұл бұлақ тек өңірімізге ғана емес, сонымен қатар алыс-жақын шетелдіктерге де белгілі. Мұнда ем іздеп келушілердің қарасы қалың. Солардың бірі – Игорь Степанов бұл жерге арнайы Омбыдан келген. Бұлақтың емдік қасиеті барын көп естіген ресейлік азамат арнайы келіп, зәмзәм суынан дәм татыпты.

Көксәйектегі өзен арнасындағы бұл бұлаққа таяқ тастам жерде монша соғылған. Тұрғындар одан шыққан шайынды су бұлақ суын былғайды деп ашынып отыр.

Көксәйектегі бұлақ жанына шайынды құдық салынған

Ал экологтардың айтуынша, қолданыстағы заңда жер асты суы көздерін ластауға болмайтыны жазылған. Сондықтан өзен сағасына салынған моншаны алдыртуға атсалыспақ.

Моншаның жұмысына наразылық білдіргендер табиғатты қорғау департаментіне арызданып үлгеріпті. Егер жергілікті жауаптылар қандай да бір нәтиже шығармаса, жоғарыдан көмек сұрайтындарын жеткізді.

Асқар Сатпаев