//
Кентауда үш ауысымды мектептер жоқ Жаңалықтар 

Кентауда үш ауысымды мектептер жоқ

Кентау қаласында апатты және үш ауысымда оқытатын мектептер жоқ. Биыл 6 мектеп күрделі жөнделді. Іргетасы жарты ғасыр бұрын қаланған №23 мектепте бұрын-соңды болмаған күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 3 қабатты ғимараттың шатыры, терезелері, жылу, су жүйелері толық жаңаланды.

Кентауда үш ауысымды мектептер жоқ

Кентау қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы №23 мектептің ұжымы күрделі жөнделген ғимаратты жаңа оқу жылына дайындауда. Енді балалар кең жарық бөлмелерде дәріс алады. Былтыр білім ошағына бірінші сыныпқа 125 оқушы қабылданса, биыл бес сыныпқа екі қосымша сынып қосылады. 964 балаға шақталған білім ордасында 1185 оқушы білім алады.

Мектептің күрделі құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен 170 млн теңге бөлінген. Құрылысты астаналық компания жүргізуде. Техникалық қадағалауға жауапты – “Барс” корпорациясы.

Оспан Өздембаев, мердігер мекеменің учаске басшысы”Конкурс кеш өткізіліп, жұмысқа шілденің ортасында кірістік. Алайда соған қарамастан 1,5 айда құрылыстың негізгі бөлігін аяқтадық.”

Кентау қаласының білім бөлімі берген деректерге сүйенсек, қалада апатты және үш ауысымда оқитын мектептер жоқ. Ол-ол ма, биыл көп жылдары жөндеу көрмеген білім ошақтары күрделі жөндеуден өткен.

Осындай қамқорлықтың нәтижесінде болар, кентаулық түлектер ҰБТ сынағында республика бойынша ең жоғары көрсеткішке ие болуда.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz