//
Кентауда 250 метрлік баннерге жазылған конституция бар Жаңалықтар 

Кентауда 250 метрлік баннерге жазылған конституция бар

Кентау қаласының тұрғындары Қазақстан Республикасының конституциясы күніне орай 250 метрлік баннерге ата заңымызды жазып шығарды. Үш тілде жазылған заң қаладағы Ынтымақ алаңына толықтай жайылған. Енді бұл баннер қаланың орталық мұражайына қойылатын болады.

Кентауда 250 метрлік баннерге жазылған конституция бар

Мерекелік шараға қала әкімі Ә.Мақұлбаев пен қаланың зиялы қауым өкілдері қатысып, барша қала тұрғындарын мерекемен құттықтады. Салтанатты шарада қала жастары патриоттық әндерге флешмоб ұйымдастырса, мәдениет саласының азаматтары түрлі өнерлерін халыққа паш етті.

Кентауда 250 метрлік баннерге жазылған конституция бар

Айта кетейік, 1995 жылғы 30 тамызда бүкіл халықтық референдум өткізу жолымен қабылданған Конституция – жас мемлекетіміздің өркендеуіне қол жеткізген, зайырлы және құқықтық ел екенімізді айқындайтын бірден-бір төлқұжат. Осы тәуелсіз мемлекетіміздің ата заңының қабылданғанына биыл 21 жыл толып отыр.

Кентауда 250 метрлік баннерге жазылған конституция бар

Жиырма бір жылдың ішінде еліміз өз тәуелсіздігін орнықтырып қана қоймай, одан әрі нығайтып, әлем таныған мемлекетке айнала білді. Қазақстанның жүзеге асырған экономикалық, әлеуметтік, саяси қайта құрулары мен қол жеткен жетістіктері түгелдей конституциямен тығыз байланысты екені белгілі.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz