Кентауда мүмкіндігі шектеулі азаматтар электронды арбаға қол жеткізді

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау қаласында тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Мейрімді жүрекпен» акциясы аясында 20 мүмкіндігі шектеулі азамат күн сәулесімен жүретін электронды арбамен қамтамасыз етілді. Бұл игі іс қала әкімдігі мен халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілетті кеңесі арасында түзілген меморондум негізінде жүзеге асып отыр.

Кентауда мүмкіндігі шектеулі 20 азаматқа электронды арба берілді

Қайырымдылық шарасына қала әкімінің орынбасары Рашид Мыңбай, ХҚТУ вице-президенті Мустафа Нурсай мен Түркия Республикасы ТИКА ұйым өкілі Сатылмыш Невзатулла, қалалық мәслихат хатшысы Т.Балабиев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «АСАР» облыстық мүгедектер қоғамдық бірлестік мүшелері қатысты.

Кентауда мүмкіндігі шектеулі 20 азаматқа электронды арба берілді

Аталған электронды арба қолмен емес, көлік секілді басқарылады. Күн сәулесімен жүретін бұл құрылғы 30 шақырым жерге дейін жүруге мүмкіндік береді. Бір электронды арбаның бағасы — 800 АҚШ доллары.

Кентауда мүмкіндігі шектеулі 20 азаматқа электронды арба берілді

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР