//
Мақтааралдағы Сейфуллин ауылын полицейлер қоршауға алды Оқыс оқиға 

Мақтааралдағы Сейфуллин ауылын полицейлер бақылауда ұстап отыр

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Сейфуллин ауылында тұрғындар арасында бұзақылық іс-әрекеттер орын алды. Үш тұрғын дене жарақаттарын алып, дүкендердің бірінің терезесі сынды, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Мақтааралдағы Сейфуллин ауылын полицейлер қоршауға алды

“Бұзақылық әрекеттердің орын алуына Сейфуллин ауылы тұрғынының кәмелет жасқа толмаған қызына сексуалды сипаттағы әрекеттер жасалды деген күдігі себеп болған. Аталған жайт сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, қылмысты кодекстің 121-бабы, 4-бөлімімен іс қозғалды.

Ата-анасының бақылауымен дәрігерлер жас қыздың денесінің интимді жерлерін тексеріп, нәтижесінде патологиясы мен дене зақымдары анықталмады. Сот-медициналық және психология-психотриялық сараптамалар тағайындалды. Күдікті ата-анасының жауапкершілігіне берілді.

Ал бір топ азаматтардың бұзақылық іс-әрекеттерін тергеу бойынша аудандық криминалистер және тергеушілерден жедел-тергеу тобы құрылды. Ауылға қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында ішкі істер органдарының 170 қызметкері жұмылдырылды.

1 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің, облыс прокурорының, ішкі істер департаменті бастығының орынбасарлары Сейфуллин ауылының тұрғындарымен жиын өткізді. Құқық қорғау және мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам институттарының бірлескен іс-әрекеттерінің нәтижесінде тәртіпке қарсы іс-әрекеттер шектеліп, тоқтатылды. Жағдай бақылауда” делінген хабарламада.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz