Мақтаарал ауданына жаңа әкім тағайындалды

697
Ғалым Ыбырайұлы Исмаилов
Ғалым Ыбырайұлы Исмаилов

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал ауданына жаңа әкім тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ғалым Ыбырайұлы Исмаилов
Ғалым Ыбырайұлы Исмаилов

Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің және Мақтаарал аудандық мәслихатының келісімі бойынша ОҚО әкімінің өкімімен бұл лауазымға Ғалым Исмаилов тағайындалды.

Ғалым Ыбырайұлы 1961 жылы 10 қарашада туған. Білімі жоғары, инженер-құрылысшы-технолог, мемлекеттік басқару бакалавры.

Еңбек жолын 1983 жылы Шымкент облыстық Бөген құс фабрикасында жұмысшы ретінде бастаған. Мемлекеттік қызметті 1999 жылы Шымкент қалалық әкімшілігі коммуналды шаруашылық департаменті бастығының орынбасары лауазымында бастаған. 2001-2007 жылдары Шымкент қалалық халықпен жұмыс жүргізу жөніндегі №2 басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы табиғатты қорғау басқармасы бастығының орынбасары, Түркістан, Шымкент қалалары әкімінің орынбасары ретінде еңбек еткен.

2007-2013 жылдары аралығы «Бадам Тас», «Kazakhstan Connecting System», «Olympia Kazahstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2015 жылдың қаңтар айынан бастап Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.