«Мектепке жол» акциясы тағы 30 балаға шарапатын тигізді

521

Жыл сайын Парасат колледжі «Мектепке жол» акциясын әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арнайы көмек ретінде өткізеді. Биыл да білім ордасының ұжымы осы әдетінен қалмай, №39 мектепке қайырымдылық шарасын өткізді. Мұнда колледж ұжымы 30 балаға сөмкелер мен оқу құралдарын табыс етті.

"Мектепке жол" акциясы тағы 30 балаға шарапатын тигізді

Айта кетейік, Парасат колледжінің ұжымы «Мектепке жол» акциясын №38,№39 және №1 мектепке өткізді. Қайрымдылық шара барсында білім ошағының ұжымы оқушыларға оқу құралдарымен қатар спорттық киімдер табыс етті.