//
"Менің Қазақстаным" ән байқауының жеңімпаздары анықталды Жаңалықтар 

“Менің Қазақстаным” ән байқауының жеңімпаздары анықталды

Оңтүстікте “Менің Қазақстаным” ән байқауының жеңімпаздары анықталды. Шəмші Қалдаяқовтың туған күніне орай өткен ән байқауының марапаттау рәсіміне облыс әкімі Бейбіт Бәкірұлы қатысты.

Өңір басшысы барша Оңтүстік жұртын өнер мерекесімен құттықтап, дəстүрлі түрде өткізіліп келетін фестиваль биыл Шəмші Қалдаяқовтың туған жерінде тұңғыш рет өткізіліп отырғанын атап өтті. Осы тұста аталған байқауды келер жылы Созақ ауданында өткізуді ұсынған облыс әкімі Астана қаласы мен Отырар ауданында Шәмші Қалдаяқовқа ескерткіш орнату жоспарланып отырғанын жеткізді.

"Менің Қазақстаным" ән байқауының жеңімпаздары анықталды

– Ұлы жазушы Мұхтар Əуезов айтқандай, Шəмші əуені ХХ ғасырдың төбесінен сорғалап тұрған, тілмен айтып жеткізе алмайтын лирика. Ол ХХ ғасырдың ғана емес, адамзат баласы өмір сүре беретін келешек заманалар төбесінен де тамшылап тұрар құдырет – деді аймақ басшысы.

Осылайша ән әлемінің падишахы, вальс королі Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» конкурсында биыл жүзден жүйрік шыққан Отырар ауданының тумасы Руслан Ақынбеков бас жүлдеге ие болды. Байқауға Шымкент қаласынан сынға түскен Тұрғынбек Бекзат І орынға ие болса, жүлделі ІІ орын созақтық Гүлбану Шалабаеваға бұйырды. Үшінші орынға Түркістан шаһарының намысын қорғап келген «ПЭРТЕ» триосы лайықты деп танылса, облыс əкімінің жүлдесіне арыстық Жұлдыз Әділбекова қол жеткізді.

"Менің Қазақстаным" ән байқауының жеңімпаздары анықталды

Сонымен қатар байқауға қатысқан барша үміткерлерге облыс әкімінің арнайы сыйлығы табысталды.
Айта кетейік, Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық «Менің Қазақстаным» ән фестивалінде Оңтүстік Қазақстан облысының әншілері 4 жыл қатарынан бас жүлдені жеңіп келеді.

"Менің Қазақстаным" ән байқауының жеңімпаздары анықталды

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz