//
Бақтыбай Тағаев Жаңалықтар 

ОҚО қаржылық бақылау инспекциясының жетекшісі жол апатынан көз жұмды

Қазақстанның қаржы министрлігінің ОҚО қаржылық бақылау инспекциясының жетекшісі Бақтыбай Тағаев жол апатынан көз жұмды. Бұл оқиға 6 тамыз күні Жамбыл облысында болды, деп хабарлады марқұмның ұлы Ғалым Тағаев.

Бақтыбай ТағаевБақтыбай Тағаев 1965 жылы туған. Білімі жоғары, мамандығы бойынша заңгер, экономист-менеджер.

Еңбек жолын ОҚО әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бухгалтер-ревизоры болып бастаған. Облыстық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің маманы, жетекші маманы, Мақтаарал ауданы бойынша әлеуметтік жұмыспен қамтамасыз ету басқармасының бастығы, Түркістан қаласы бойынша салық комитетінің бастығы, Сайрам ауданы бойынша салық басқармасының бастығы болып қызмет атқарған.

2013 жылдың желтоқсанынан бастап ОҚО бойынша салық департаментінің Арыс қаласы бойынша салық басқармасының басшысы болып еңбек етіп келген. Отбасылы, 4 перзент тәрбиелеген.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz