//
ОҚО әкімі олимпиада жеңімпаздарына пәтер сыйлап, автокөлік мінгізді Спорт 

ОҚО әкімі олимпиада жеңімпаздарына пәтер сыйлап, автокөлік мінгізді

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Рио олимпиадасының жеңімпаздары, күміс және қола медаль иегерлері Жазира Жаппарқұл мен Отгонцэцэг Галбадрахты қабылдап, спортшыларды марапаттады.

ОҚО әкімі олимпиада жеңімпаздарына пәтер сыйлап, автокөлік мінгізді

Өңір басшысы халықаралық бәсекеде еліміздің намысын қорғап, көк туымызды желбіреткен спортшы қыздарға Нұрсәт шағынауданынан екі және бір бөлмелі пәтерлердің кілтін табыстап, кәсіпкерлердің атынан «Toyota Land Cruiser 200» және «Toyota Land Cruiser Prado» автокөліктерін мінгізді.

– Сіздер Рио олимпиадасында өнер көрсетіп жүргенде барша жерлестеріміз өздеріңіз үшін жанкүйерлік танытып, күні-түні тілеулес болды. Сондықтан бұл сый-сияпатты бүкіл Оңтүстік жұртшылығының атынан берілген алғыс деп біліңіздер, – деді Бейбіт Бәкірұлы.

ОҚО әкімі олимпиада жеңімпаздарына пәтер сыйлап, автокөлік мінгізді

Өз кезегінде спортшы қыздар көрсеткен қолдаулары үшін облыс әкіміне алғысын білдіріп, 2020 жылы Токиода өтетін халықаралық олимпиадада ел үмітін ақтап, барын салатындарын жеткізді. Спортшылармен болған кездесуде аймақ басшысы соңғы жылдары өңірімізде ауыр атлетика мен күреске айрықша көңіл бөлініп, аталған спорт түрлерімен жастардың көптеп айналысып жатқанын жеткізді.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz