//
Сүңгуірлер Жаңалықтар Оқыс оқиға 

ОҚО-да демалыс күндері 4 адам суға кетті

Өткен демалыс күндері облыстағы өзендер мен тоғандарда тағы 4 қайғылы жағдай тіркелді. Онда 4 бала және 55 жастағы ер азамат суға батқан.

Сүңгуірлер

Қайғылы оқиғалар Шардара, Мақтаарал, Түлкібас аудандарында болған. Өкініштісі, Мақтааралда бір отбасы екі баласынан айрылып қалды.

Зарипа Тұрысбекова, ОҚО ТЖД бас маманы: “Мақтаарал ауданында бір үйдің екі бала суға батқан. 2003 жылғы бала мен 2014 жылы туған кішкентай қыз. Екеуі де К-12 деп аталатын суармалы каналдың жағасында ойнап жүріп, суға батып кеткен. Екеуінің денесін жергілікті тұрғындар сыртқа алып шықты. Жас балалар қараусыз қалған. Ал 1 тамыз күні Түлкібаста Арыс өзенінің бойында 2014 жылғы бала ата-ана қарауынсыз қалып, суға құлап кеткен. Ата-анасы келгенше куәлер судан шығарып, ауруханаға жеткізген. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр.”

Бұған қоса Сырдария өзеніне 55 жастағы ер кісі белгісіз жағдайда құлап, мерт болды. Жыл басынан бергі статистиканы еске салсақ, 54 адам тілсіз жаудың құрбаны болып отыр. Бұл – былтырдың жалпы көрсеткішінен де көп деген сөз. Құтқарушылардың айтуынша, қайғылы жағдайлардың көбінде ата-аналардың қарауынсыз қалған балалар мен суда жүзу ережелерін сақтамағандар зардап шеккен.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz