//
Депутаттар карьерлерді тексерді Жаңалықтар 

ОҚО-да жер қойнауын өз бетінше пайдаланудың 85 дерегі анықталған

ОҚО әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаевтың қатысуымен жер қойнауын заңсыз пайдалануды тоқтату бойынша облыс әкімінің тапсырмасының орындалуы  аясында жергілікті полиция қызметінің есеп беру мәжілісі өтті.

Депутаттар карьерлерді тексердіЖиында облыстық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары М.Зұлпұхаров және облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы М.Отаршиев баяндама жасады.

Есепті кездесуде ұсынылған мәлімет бойынша, 2016 жылдың 7 айында облыс көлемінде жер қойнауын өз бетінше пайдаланудың 85 дерегі анықталған. Оның ішінде 38 дерек жергілікті полиция қызметінің жеке іздеуімен анықталып отыр. Есепті жиында басқарма басшысы М.Отаршиев Шымкент аумағындағы құм, тас, топырақ сату орындарының заңдылығын қарап, тиісті шара көру қажеттігі жөнінде мәселе көтерді.

Мәжіліс қортындысы бойынша өңір басшысының орынбасары баяндамашылар тарапынан айтылған ұсыныстар назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілуін тапсырды.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz