//
Рақымберді Мүлкеманов Жаңалықтар 

ОҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы тағайындалды

Оңтүстік Қазақстан облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Облыс әкімінің өкімімен бұл лауазымға конкурстық іріктеу негізінде Рақымберді Мүлкеманов тағайындалды.

Рақымберді МүлкемановРақымберді Жанысбекұлы 1975 жылы туған. Білімі жоғары, мамандығы – мал шикізатын тауарлаушы инженер, қаржы және кредит, құқықтану бакалавры.

Еңбек жолын 1997 жылы «Қырғызмұнайзат» МАҚ-ның Токмак мұнай базасының экономист-менеджері ретінде бастаған.

1999-2009 жылдары жекеменшік секторда жауапты және басшы лауазымдарда қызмет атқарған. 2009-2012 жылдары Түркістан қаласының кәсіпкерлік, экономика және қаржы бөлімдерінің бастығы болып еңбек еткен.
2012 жылғы мамыр айынан Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы болып қызмет етті.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz