//
Оңтүстік халқы Рио Олимпиадасына қатысқан спортшыларды күтіп алды Спорт 

Оңтүстік халқы Рио Олимпиадасына қатысқан спортшыларды күтіп алды

Шымкент қаласындағы халықаралық әуежайдан Оңтүстік жұртшылығы Рио Олимпиадасына қатысқан спортшыларды қарсы алды. Төрт жылда бір келетін додада ел қоржынына медальді алғашқылардың бірі болып облысымыздың мақтанышы Галбадрах Отгонцэцэг салса, ауыр атлетикадан күміс медальді жерлесіміз Жазира Жаппарқұл салды. Осылайша үш миллионға жуық тұрғыны бар халықтың мерейі артып, қуанышқа бөленді.

Оңтүстік халқы Рио Олимпиадасына қатысқан спортшыларды күтіп алды

Салтанатты шараға қатысқан облыс əкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы Олимпиада ойындарында өңір спортшылары бар мүмкіндігін көрсете білгенін айтып, облыс әкімінің құттықтау хатын жеткізді.

Оңтүстік халқы Рио Олимпиадасына қатысқан спортшыларды күтіп алды

– Рио төрінде өткен жазғы Олимпиада ойындарына облысымыздан 21 спортшы қатысты. Бұл спорттық сайыста спортшыларымыз өз мүмкіндіктерін көрсетті. Елміздің қоржынына алғашқы қола медаль сыйлаған жерлесіміз Галбадрах Отгонцэгцэг ерлігін бүкіл әлем мойындады. Ал Жазира қызымыздың күмісі алтынмен пара-пар. Жазираның Олимпиада төрінде жасаған үлкен ерлігі, қайраты мәңгілік деп ойлаймын. Спортшыларымыздың көмегімен жоғары деңгейдегі әлемдік спорттық додада еліміздің көк байрағы желбіреді -делінген құттықтау хатта.

Оңтүстік халқы Рио Олимпиадасына қатысқан спортшыларды күтіп алды

Айта кетейік, 2016 жылдың 5-21 тамызы аралығында өткен XXXI жазғы Олимпиада ойындарына 206 мемлекеттен 11 мыңнан астам спортшы қатысып, 28 спорт түрінен 306 медаль топтамасын сарапқа салды.

Оңтүстік халқы Рио Олимпиадасына қатысқан спортшыларды күтіп алды

Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасынан 25 спорт түрінен 105 спортшы қатысты. Оның ішінде спорттың Оңтүстіктің 21 спортшысы 10 түрінен барды. Бұл тартысты бәсекеде Қазақстан 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медальды жеңіп, жалпы командалық есепте 22 орынға қол жеткізді.

Оңтүстік халқы Рио Олимпиадасына қатысқан спортшыларды күтіп алды

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz