Оңтүстікте 200 мәдениет үйі қажет

508
Оңтүстікте 200 мәдениет үйі қажет

Оңтүстіктегі 200 елдімекенге мәдениет үйлері қажет. Ауыл тұрғындарының қажеттіліктерін өтеу үшін биыл мемлекет қазынасынан 172 млн теңге бөлінген.

Оңтүстікте 200 мәдениет үйі қажет

Бұл туралы бүгінгі брифингіде облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірхан мәлім етті. Оның айтыунша, тиісті қаражатқа қазір 18 мәдениет ошағында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қайта қалпына келтірілуде.

Сондай-ақ бір ғана Сарыағаш ауданында жаңадан төрт мәдениет үйі салынып жатыр. Айта кетейік,  өңірде 730 өнер мекемесі жұмыс істейді.