Оңтүстікте «Айбары мықты ата заң» мерекелік жиыны өтті

Шымкент қаласындағы облыстық орыс драма театрында Қазақстан Республикасының конституция күні мерекесіне арналған «Айбары мықты ата заң» салтанатты іс-шарасы өтті. Оған қатысқан облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов барша Оңтүстік жұртын мерекемен құттықтап, 30-ға жуық азаматты «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен, облыс әкімінің грамотасы және алғыс хатымен марапаттады.

Оңтүстікте «Айбары мықты ата заң» мерекелік жиыны өтті (3)

Өз құттықтау сөзінде облыс әкімі конституция мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы екенін атап өтті.

Оңтүстікте «Айбары мықты ата заң» мерекелік жиыны өтті (2)

— Осыдан 21 жыл бұрын, ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихи да тағдырлы шешім қабылдады. Жасампаз жаңа дәуірге қадам басты. Сол күннен бастап, Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды,- деді Бейбіт Бәкірұлы.

Оңтүстікте «Айбары мықты ата заң» мерекелік жиыны өтті (1)

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР