//
Оңтүстікте мұғалімдердің тамыз кеңесі өтті Жаңалықтар 

Оңтүстікте тамыз кеңесі өтіп, мұғалімдерге пәтер берілді

«Биылғы оқу жылы Тәуелсіздігіміздің 25-жылдық мерейтойына тұспа-тұс келіп отыр. Демек, биылғы оқу жылы да ерекше, жемісті болуы тиіс.” Бұл туралы өңір басшысы Бейбіт Атамқұловтың қатысуымен өткен «Білімді ел – мәңгі ел» тақырыбындағы облыстық тамыз педагогикалық кеңесінде айтылды.

Оңтүстікте мұғалімдердің тамыз кеңесі өтті

Конференция барысында жаңа 2016-2017 оқу жылына қойылған міндеттер мен мақсаттар баяндалды. Өткен оқу жылында облысымызда 584 мыңнан аса оқушы білім алса, 2016-2017 жаңа оқу жылында 611 мың оқушы білім алады деп күтілуде.

Оңтүстікте мұғалімдердің тамыз кеңесі өтті

Биыл облыста тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 25 мектептің есігі оқушылардың алдында ашылатынын мәлімдеген өңір басшысы 2016-2019 жылдар аралығында 177 мектепке дейінгі білім ұйымдарын ашу жоспарда екенін айтып өтті.

Педагогтар кеңесі кезінде білім саласында үздік жетістіктерге жетіп, біліктілігімен ерекшеленген Мұстафаева Жанар Азаматқызы мен Тұрғынова Муккарам Толяшқызына 2 бөлмелі, ал Баймаханов Бағлан Сансызбайұлына 3 бөлмелі пәтердің кілті табысталды.

Оңтүстікте мұғалімдердің тамыз кеңесі өтті

Сондай-ақ бірқатар ұстаздар министрліктің және облыс әкімінің алғыс хатымен және «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төс белгісімен марапатталды.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz