Оңтүстікте тарихи ескерткіштер бүлінуде

Күнгейде жыл басынан бері 130-ға жуық тарихи маңызы бар ескерткіш бүлінген. Себебі 4 жылдан бері тарихи құндылықтарды қоршап, қорғауға бағытталған тиісті қаржы қаралмай келеді. Өңіріміздегі тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталықтың мамандары осылай деп мәлімдеп отыр.

арихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталықтың мамандары

Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталықтың мамандары

Еділбай Көшербай — өңіріміздегі тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталықтың ғылыми қызметкері. Мәдени мекемеде 6 жылдан бері жұмыс істейтін маман күн сайын тың дәйектер, көне дүниелермен танысады. Қарбалас қызметте қағазбастылықпен үй бетін көрмейтін кездер де көп дейді.

Еділбай Көшербай

Еділбай Көшербай

Еділбай Көшербай, ғылыми қызметкер: «Айдалада апталап жүріп, ескерткіштерді іздеп, оларды тауып, мемлекеттік қоршау тақтайшаларын ілген кездеріміз бар. Ал ескерткіштерді қорғау дегеніміз — мәселен, жекенің меншігіндегі жерден тарихи маңызды тас мүсін табылса және өзге де ескерткіштерді арнайы қоршап, құжат толтырып, мемлекеттік қорғауға аламыз».

Мамандар тас мүсіндер осылайша қорғауға алынып жатқанын алға тартты. Десе де бір жеті бұрын «Мирас» қоғамдық келісімінің кезекті отырысында облыстық мәдениет басқармасының басшылығы өңіріміздегі тарихи маңызы зор ескерткіштер мемлекеттік тексеру-сынақтан өтпей жатқанын жасырмай, жайып салған.

Соның салдарынан қазір шетелдік туристер көз тіккен тарихи құндылықтар да қорғалмай келеді. Қоршауға да алынбаған. Вандализмнің құрбанына айналғандары қаншама. Мәселені мәлімдеген басқарма басшылығы тас мүсіндердің талапқа сай келмей, тіпті салдарынан туризмнің тұралауына да жергілікті аудан әкімдіктерін кінәлап еді.

Асылхан Темірхан, облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары: «Бізде толық мәліметте 136 ескерткіш делінген, осы ескеткіштерді орнатуда проблемалар туындаған. Мемлекеттік комиссиядан өтпеген, бірақ 2001 жылдан бергі ескерткіштердің бәрінің құжаттары бар. Ал мемлекеттік комиссиядан өтпеуі, талапқа сай келмеуіне жергілікті атқарушы органдардың соны орнатқан кезде заңды қадағаламау, бақыламауы себеп. Яғни, жергілікті органдар дегеніміз — аудан әкімдіктері».

Өңірімізде, аудан-қалада барлығы 1281 ескерткіш бар. Оның 434-і жергілікті маңызы бар тізімге еніп, мемлекеттік қорғауға алыныпты. Қалғаны қараусыз, жуырда тозығы жетуі де бек мүмкін. Себебі 4 жылдан бері қазынадан қаралуы тиіс қомақты қаржы бөлінбей келеді.

Күлайна Мақұлбаева

Күләйна Мақұлбаева

Күләйна Мақұлбаева, облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталықтың директоры: «2012 жылы бірқатарына қорғау тақтасы орнатылғаннан кейін, бұған қаржы қаралмаған. Қаржының бөлінбеу себебі — бізде арнайы бағдарлама жоқ, өңірлік бағдарлама жасалмаған. Соның салдарынан ескерткіштер бұзылып, шөп басып, қараусыз қалып кетеді, ондай жағдайлар көп кездеседі. Мұны басқармаға талай рет айтып, ұсынып та жатырмыз. Әзірге қолдау тапқан жоқ! Бірақ, біз қол қусырып отырған жоқпыз, олардың да құрылысы бұзылып кетпеуін назарда ұстап отыруға тысырамыз».

Осы мақсатта тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталықта әзірге 6 маман қызмет атқарады. Бірақ, олар арнайы қаржы қаралмағандықтан, тарихи орындардың аймағын қоршаудың орнына әзірге тек ескерткіштің қорғалу орнын белгілеумен әлек. Салдарынан 7 айдың ішінде қоғам тарапынан әр ауданда кемінде 8 ескерткіш заңсыз бүлінген. Осылайша мәдениет басқармасы мәселеге жүгенді қарамаса, жуырда тарихи құндылықтардың көзі тағы да кемуі мүмкін.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР