//
Оңтүстіктің азық-түлік керуені Солтүстікке аттанды Жаңалықтар 

Оңтүстіктің азық-түлік керуені Солтүстікке аттанды

Оңтүстік дихандарының өнімі солтүстікке жол тартты. Ала жаздай күтіп баптаған көкөніс пен жеміс-жидек тиелген керуен жолға шықты. “Жасыл өнімге – жасыл жол” ұранымен ұзақ сапарға шыққандар күнгейлік көкөністерді нарықтағы бағадан 10-15 пайызға арзан сатамыз дейді. Шаруалардың діттеген жерге аман-есен жетуін облыстық көлік инспекциясы мамандары бақылайды.

Оңтүстіктің азық-түлік керуені Солтүстікке аттанды

“Жасыл керуеннің” құрамындағы көкөніс пен жеміс тиелген 24 жүк көлігі астаналықтар мен өскемендіктерді куантпақ. Акцияға Қазығұрт, Сарыағаш, Мақтаарал мен Шардара аудандарының шаруа қожалықтары қатысуда.

Ауыл шрауашылығы өнімдері керуеніне жол бойы ешқандай кедергі жасалмайды. Өйткені техника алдын ала бақылаудан өткен және қажетті рұқсат құжаттарымен қамтылған. Сондықтан жолда тексерілмейді. Бұл дегеніміз Оңтүстік Қазақстан аумағында пісіп-жетілген өнімдер солтүстік өңірдің тұрғындарының дастарханына тез арада жеткізіледі.

Оразалы Бақтиярұлы, кәсіпкер: “Кәсіпкерлер мен керуеннің жүргізушілері атынан көлік инспекциясының мамандарына алғысымды білдірмекпін. Мұндай акция былтыр да ұйымдастырылған. Ол кезде квота бір көлікке 38 тонна болатын. Биыл бұл көрсеткіш 2 тоннаға артыпты.”

Тауар өндірушілер мен тасымалдаушыларды қолдау акциясы бірінші рет өтіп жатқан жоқ. Мұндай көлік керуендерін Солтүстік өңірге жолдау дәстүрге айналған. Облыс әкімдігі және көлік испекциясымен ұйымдастырылған шара еліміздің тәуелсіздігіне арналып отыр.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz