ОҚО ішкі істер департаментінің басшысы тағайындалды

513
Сүлейменов Жанат Қуанышұлы.
Сүлейменов Жанат Қуанышұлы.
Сүлейменов Жанат Қуанышұлы.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен ОҚО ІІД бастығының лауазымына полиция полковнигі Сүлейменов Жанат Қуанышұлы тағайындалды.  Сүлейменов Жанат Қуанышұлы Қарағанды облысында дүниеге келген. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары милиция мектебін және Қазақстан Республикасы Академиясын тәмамдаған. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1980 жылы бастады.
Әр жылдары жедел қызметтерді басқарды, ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес және криминалдық полиция департаменттерінің төрағасы, Көліктегі ІІД бастығы, Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығы лауазымдарында қызмет етті.
Соңғы лауазымы – Қызылорда облысының ІІД басшысы болған.