//
Спорт 

“Ордабасы” клубында – өзгерістер

Ордабасының қосалқы командасын енді Андрей Ваганов жаттықтырады. Шымкенттік маман Төлеген Орынбаевтың орнын басуда. Ордабасының жастары екінші лига командалары арасында соңғы сатыға табан тіреп, олардың бас бапкері Төлеген Шәріпұлы жуырда ғана қызметінен босатылды.

Андрей Ваганов ордабасылықтарды қайта жаттықтыруда
Андрей Ваганов ордабасылықтарды қайта жаттықтыруда

Күні кеше Тобылдың U-21 командасымен сынға түскен жерлестеріміз жеңіске жетті. Бірінші таймның соңында Мұхит Жақсылық есепті ашса, араға тағы 40 минут тастап, жерлесіміз Нұржан Уайс екінші голдың авторы атанды. Ал қалалық №7 футбол мектебінің шәкірттері Орал қаласында “Ақжайықтың” жастарынан басым болды. Шымкенттіктер бұл жолы қарсылас қақпасына төрт гол соқты.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz