//
Ордабасылық зейнеткер трактор құрастырумен айналысады Жаңалықтар 

Ордабасылық зейнеткер трактор құрастырумен айналысады

Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылының тұрғыны техника құрастырумен әуестенеді. Жақсылық Отаубеков ұзақ жыл энергетика саласында еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан, деп хабарлайды Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ордабасылық зейнеткер трактор құрастырумен айналысады

Бүгінде зейнеткер қарап отырмай, шағын бақшаларды өңдеуге күші жететін трактор құрастырып, қосымша құрылғыларын да жасап шығаруда. Жаңар-жағармайды барынша аз шығындайтын тракторларға көрші аудандардың шаруалары да қызығып отыр.

Ордабасылық зейнеткер трактор құрастырумен айналысады

Жақсылық Отаубеков таяуда Бәйдібек ауданына арнайы тапсырыспен құрастырылған бір шағын тракторын жіберді. Алты жылқының күші бар техникалар төрткүлдік дихандардың да қажетіне жарап тұр. Әсіресе, ұсақ шаруашылық иелері еккен өнімін дәрілеуде, жерін тырмалауда және жүйек салуда Жақсылық Отаубековтың көмегіне жүгінеді.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz