//
Полицейлер қайыршыларды ұстауда Жаңалықтар 

Полицейлер қайыршыларды ұстауда

Жұма күні арнайы рейд ұйымдастырған жергілікті полиция қызметкерлері ала мешіттерінің алдындағы қайыршыларды анықтады. Алақан жайып, садақа сұрағандарды ұстап, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қамауға алды.

Полицейлер қайыршыларды ұстауда

Ең өкініштісі, қайыр тілеп жүргендердің басым бөлігі көп балалы аналар. Рейд кезінде бұл азаматшаларды сөзге тартуға тырыстық. Айтуларынша, бала-шағалары мектепке дайын емес. Яғни, киерге киімі және оқу құралдары жоқ.

Жалпы рейд барысында полицейлер қайыр тілеп жүрген оннан аса адамды қамауға алды. Олардың арасында мүмкіндігі шектеулі жандар, кәмелет жасына толмағандар және көп балалалы аналар бар. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін олар әкімішілік жазаға тартылып, 5 АЕК бойынша айыппұл төлеуі тиіс.

Айта кетейік, жыл басынан бері жергілікті полицейлердің ұйымдастыруымен жиырмадан аса рейд өткізілген. Нәтижесінде 100-ге жуық адам ұсталды. Енді құзырлы орган өкілдері қоғамдық тәртіпті бұзғандарды анықтау үшін әр жұма сайын рейд жұмыстарын өткізбек.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz