Прокурорлар теміржол вокзалын тексеруде

215
Прокурорлар теміржол вокзалын тексеруде

Шымкенттегі теміржол вокзалының жағдайы сын көтермейді. Мұнда өрт қауіпсіздігі сақталмаған, санитарлық жағдай талапқа сай емес.

Прокурорлар теміржол вокзалын тексеруде

Көлік прокурорлары тексеру нәтижесінде осындай қорытындыға келді. Бұған қоса вокзалда ана мен бала бөлмесі жұмыс істемейді. Пойыздардың жүріп-тұру кестесін көрсететін көрнекі табло атымен жоқ. Мекеменің айналасын коммерциялық нысандар жаулап алған.

Мүмкіндігі шектеулі жандар да емін-еркін кіріп-шыға алмайды. «Оны былай қойғанда, өрт сөндіру техникалары мен жедел жәрдем кіруіне мүмкіндік жоқ» дейді прокурорлар. Қазір прокурорлар жолаушылар пойызын тексеріп жатыр. «Әсіресе билетсіз жүрген жолаушылар мен теміржол кассаларының жұмыс сапасы және вагондардағы өрт қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда» дейді құзырлы орган өкілдері.