//
Протезге есірткі затын салған шетелдік ұсталды Оқыс оқиға 

Протезге есірткі затын салған шетелдік ұсталды

Қазақстан шекарасында есірткіні денесіне жасырған шетелдік ұсталды. Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметінің баспасөз мамандары хабарлайды.

Қазақ-қырғыз шекарасындағы қазақстандық шекарашылар есірткі затын протезге жасырып, елімізге өтпек болған Қырғызстан азаматын қолға түсірген. Алдымен көрші ел азаматы төлқұжатын тексертіп, терминал залына өткеннен кейін шекарашылардың қызметтік иті жолаушының оң жақ аяғындағы протезін иіскелеп тұрып алады.

Протезге есірткі затын салған шетелдік ұсталды

Шекарашылар дереу тінтуге кіріседі. Соның нәтижесінде қырғызстандық азаматтың тағып жүрген протезінің ішінен түйілген ақ шүберек шықты. Одан 19 дана сіріңке қорабына бөліп салынған есірткі табылған.

Протезге есірткі затын салған шетелдік ұсталды

Кейінірек есірткінің салмағы 650 грамм гашиш екені анықталды. Сондай-ақ, осы күні Қырғызстаннан келе жатқан Ресей азаматы да қолға түсті. Ол дезодорант қалбырына салынған, салмағы 10 грамдай болатын гашишты алып өтек болыпты. Қазір шекарашылар тергеу жүргізу үшін материалдарды ішкі істер органдарына берді.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz