Сарыағашта мас жүргізуші велосипедшіні қағып, мерт қылды

212
Сарыағашта мас жүргізуші велосипедшіні қағып, мерт қылды

Оңтүстікте «ВАЗ» көлігінің жүргізушісі велосипедшіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. соның салдарынан жәбірленуші мерт болды. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Оқиға 2016 жылдың 14 тамызы күні күні болған. Кешкі сағат 19:50 шамасында Сарыағаш аудандық ішкі істер бөлімінің кезекшісіне Жібек жолы-Жетісай тасжолында велосипедшіні бір көлік қағып кеткені туралы суыт хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер «ВАЗ» маркалы автокөліктің белгісіз жүргізушісі 45-47 жас шамасындағы велосипедшіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткенін анықтайды. Жол апаты салдарынан велосипедші ауыр дене жарақаттарымен аудандық аурухананың жансақтау бөліміне түсіп, есін жинаған күйі көп өтпей қайтыс болды.

Сарыағашта мас жүргізуші велосипедшіні қағып, мерт қылды

Тәртіп сақшылары жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 32 жастағы жергілікті тұрғын, «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі ұсталды. Оның сол күні көлікті мас күйінде басқарғаны анықталды. Велосипедшіні қағып, қорыққанынан қашып кеттім деп отыр.

Сарыағашта мас жүргізуші велосипедшіні қағып, мерт қылды

Осы факті бойынша қылмысты кодекстің екі бабымен: 345 (көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) және 347-бап бойынша (жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу) іс қозғалды.

Күдікті сотқа дейінгі тергеу абақтысында қамауда жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.