Шардарада балық аулау жарысы өтті

460
Шардарада балық аулау жарысы өтті

Шардараға балықшылар жиналып, балық аулаудан жарысты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шардарада балық аулау жарысы өтті

Халықаралық турнирді шардаралық жеке кәсіпкер Бақытжан Серманиязов пен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырған. Шардара су қоймасының жағалауында өткен өзгеше жарысқа Астана, Алматы, Тараз, Қызылорда, Оңтүстік және Солтүстік Қазақстаннан және Өзбекстаннан командалар келіп қатысты.

Екі күн бойына өткен жарыста қармақпен ең көп балық аулаған командалар жеңімпаз атанды. Төрешілердің шешімімен І орынды Шымкент қаласының «Аспан» командасы иеленсе, ІІ орынды Өзбекстан республикасының командасы, ІІІ орынды Сарыағаш қаласының «Алтын балық» командасы еншіледі. Жеңімпаз командалар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, балықшылар арасындағы мүндай дәстүрлі жарыс бірнеше жылдан бері Шардара теңізінің жағасында ұйымдастырылып келеді.