//
Шымкентте ұстаздардың тамыз конференциясы өтті Жаңалықтар 

Шымкентте ұстаздардың тамыз конференциясы өтті

Биыл Шымкенттегі мектептерде 164 000 шәкірт білім алады. Ал бірінші сынып табалдырығын аттайтындар саны 22 мыңнан асып жығылады. Олардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына қалалық білім беру бөлімі дайын.

Мамандардың мәліметінше, білім ордаларына жөнделіп, оқулықтар түгелденген. Яғни, ата-ана кітап іздеп, сабылмайтын болды дейді. Шымкенттік мұғалімдер жаңа оқу жылындағы өзгерістерді тамыз конференциясы аясында талқылады. Педагогқа қойылатын талап пен шәкіртті тәрбиелеудегі басты қағидат жиналғандарға таныстырылды.

Шымкентте ұстаздардың тамыз конференциясы өтті

Ұстаздармен кездесіп, өткен оқу жылын қортындылаған жиынға қала әкімі Ғабидулла Әбдірахымов та қатысты. Білім саласындағы жетістіктер сараланған жиынның алдында арнайы көрме ұйымдастырылды. Мұнда қала ұстаздары мен шәкірттерінің ғылыми жетістіктері қойылған. Алғаш болып сөз алған қала әкімі педагогқа қойылатын талапты талдап берді. Әрі жыл соңында үлкен нәтиже күтетінін де айтты.

Шымкентте ұстаздардың тамыз конференциясы өтті

Әдеттегідей, қалалық білім бөлімінің басшысы баяндама жасап, өткен жылы атқарылған жұмыстарын қорытты. Жіберген қателіктерін жасырмай, биылғы жаңа оқу жылында қайталамауға тапсырма берді. Білім саласындағы реформамен таныстырып, жаңалықты жатырқамай қабылдауға шақырды. Осы орайда Шымкенттегі үш ауысымда оқитын мектептердің қатары азайып келе жатқанын мәлімдеді. Бас педагогтың айтуынша, дәл осындай үш ауысымды 7 мектептің екеуінде мәселе шешілген. Сондай-ақ, биыл қаладағы 124 мектепте ағымдағы жөндеу жұмысынан өткен.

Шымкентте ұстаздардың тамыз конференциясы өтті

Жиын соңында еңбегі еленген оқытушыларға қала басшысы алғыс айтты. Білім саласын алға жетелеуде жандарына ізденімпаздық пен алғырлықты серік етуге шақырды. Осылайша тамыз конференциясына жиналған ұстаздар биылғы жаңалықтың қыр-сырымен танысып, шәкірт тәрбиелеуде қате жібермеуге сөз байласа тарқады.

Нұрлан Жаңабай

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz