Шымкентте әлеуметтік желі арқылы жұмысқа тұру жобасы іске қосылады

527
қалалық жұмыспен қамту орталығы
қалалық жұмыспен қамту орталығы
Қалалық жұмыспен қамту орталығы

Шымкентте енді бір айдан кейін әлеуметтік желі арқылы жұмысқа тұру жобасы іске қосылады. Жаңа жүйені жұмыспен қамту және әлеуметік бағдарламалар бөлімі жасап шығуы тиіс.

Бағдарламаны түзу туралы әкімнің бұған дейін берген тапсырмасы жарты жолда қалғандықтан, қатаң ескерту алған мамандар бірден іске кірісіті. Оларға жол сілтеген шаһар басшысы жобаның тиімділігін түсіндіріп, қажетті тетіктеріне тоқталды.

Ғабидолла Әбдірахымовтың айтуынша, жұмыссыз ретінде тіркелген әр тұрғын күнде бос орындар туралы мәлімет алып отырады. Нәтижесінде олардың қатары азайып, екі қолға бір күрек табатындар көбейеді. Айта өтейік, Шымкентте 3 300 азамат ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген.