//
Шымкентте 30 мыңға жуық балаға әлеуметтік көмек көрсетілді Жаңалықтар 

Шымкентте 30 мыңға жуық балаға әлеуметтік көмек көрсетілді

1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін республикалық «Мектепке жол» акциясы биыл тоғызыншы жыл қатарынан жалғасуда. Бұл қайырымдылық шарасы Шымкентте де өтті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Шымкентте 30 мыңға жуық балаға әлеуметтік көмек көрсетілді

Дендросаябақта шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов, қалалық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, білім және тәрбие беру ұйымдарының басшылары, ұстаздар қауымы республикалық акцияға қатысты.

Шымкентте 30 мыңға жуық балаға әлеуметтік көмек көрсетілді

Елбасының оқу­шы­лар­­дың мектепке толық баруын қам­та­масыз ету туралы тапсырмасына сәйкес акция аясында Шымкенттегі білім мекемелерінде әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларға көмек берілді. Статистика бойынша, қалада әлеуметтік көмекке мұқтаж 29 644 бала есепке алынған.

Шымкентте 30 мыңға жуық балаға әлеуметтік көмек көрсетілді

Осыған орай қала әкімдігінің қолдауымен көп балалы отбасынан шыққан 18007 оқушыға, 385 жетім және жартылай жетім 5080 балаға, 979 мүгедек, аз қамтылған отбасылардың 5166 баласы мен 47 оралман отбасының балаларына көмек көрсетілді.

Шымкентте 30 мыңға жуық балаға әлеуметтік көмек көрсетілді

Жалпы, биыл акция барысында қала аумағында тұратын 29 644 оқушыға қайырымдылық көрсетіледі. Оның ішінде жалпыға міндетті білім қорынан 60 миллион теңге бөлініп, 5000 баланың есеп-шотына 12 000 теңгеден аударылды. Ал қала әкімі өз демеушілігімен 100 балаға мектеп сөмкесін жабдықтап береді.

Шымкентте 30 мыңға жуық балаға әлеуметтік көмек көрсетілді

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz