//
Шымкентте 4 адамды қаққан көлік жүргізушісіне іздеу жарияланды Оқыс оқиға 

Шымкентте 4 адамды қаққан көлік жүргізушісіне іздеу жарияланды

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері 4 адамды қаққан көлік жүргізушісіне іздеу жариялады. Бұл туралы қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан хабарлады.

Шымкентте 4 адамды қаққан көлік жүргізушісіне іздеу жарияланды

“1996 жылы туған, Астана қаласының тұрғыны Сүлеймен Исмаил Ереханұлы қоғам назарына ілінген жол-көлік оқиғасын жасаған күдікті ретінде танылуда. Шымкеттегі Іляев көшесі мен Қонаев даңғылы қиылысында жұмысшыларды қағып кеткен BMW автокөлігінің тізгінінде сол отырған деген болжам бар. Қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Егер Сіздерде күдікті тұлғаның мекенжайы туралы кез келген ақпарат болса, полицияға мына телефондар арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: +7-701-482-99-79, +7-7252-53-52-52 жəне 102” деп жазады Данияр Мейірхан.

Еск салайық, бұл оқиға 13 тамыз күні сағат 5:30 шамасында болған. Жол жөндеп жатқан адамдарды көлік қағып кетеді. Соның салдарынан бір адам оқиға орнында мерт болса, тағы үшеуі ауыр халде ауруханада жатыр. Ал жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Көліктің жүк салғышынан оқтары бар тапанша табылды.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz