Шымкентте алғаш рет балалар туризмі күні аталып өтілуде

Шымкентте алғаш рет балалар туризм күні аталып өтілуде

Шымкентте алғаш рет балалар туризмі күні аталып өтілуде. Белсенді жас туристер жиналғандарды сала мамандарының тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Шымкентте алғаш рет балалар туризм күні аталып өтілуде

Тау мен тасты жағалап, өңір табиғатының әсемдігін өзгелерге паш етіп жүргендер құрал-жабдықтарының қолдану тәсілінің сырын ашты. Жас туристер станциясының басшысы жыл сайын қатарлары көбейіп жатқанын алға тартады.

Шымкентте алғаш рет балалар туризм күні аталып өтілуде

Жас буынның туризм саласына қызығушылығын оятуда аянбай еңбек етіп жатқандарын мәлімдеді. Ал бүгін келушілер арасында түрлі мерекелік ойын-сауық бағдарламалар ұйымдастырылды.

Шымкентте алғаш рет балалар туризм күні аталып өтілуде

Сәуле Өмірбаева, облыстық жас туристер станциясының директоры: «Жас туристер станциясында көптеген жетістіктер орын алуда. Біздің кішкентай туристеріміз түрлі байқаулардан жеңіспен оралып жүр. Сондықтан мұндай датаны міндетті түрде атап өтуіміз керек деп ойлаймын. Арнайы туристік бұрыш жасадық. Өйткені балалар туристердің немен және қалай тамақтанатынын, қалай жұмыс жасайтынын көру керек. Келушілер біздің жасаған жорықтарымыздан хабардар болсын деген оймен фотокөрме жасадық. Бір жағынан бұл 2015 жылдан бері атқарған жұмыстарымызды да таныстыра өттік.»