//
Шымкентте газ сығымдалған вагон өртенді Оқыс оқиға 

Шымкентте газ сығымдалған вагон өртенді

Шымкентте көпшілікке Қорғасын шағынауданы атауымен таныс аймақта алапат өрт болды. Соның салдарынан аудан тұрғындары жедел түрде қаіпсіз жерге шығарылды. Бас аяғы 125 адамның өмірін сақтауға тура келді.

Бұған себеп – осы маңнан өтетін теміржолдан шыққан өрт. Мұнда цистерна аударылып, сығымдалған газ құйылған вагон өртке орынған. Қызыл жалынның қара түтіні қалалықтарды да шошытты. Оқиға орнына барлық бөлімше қызметкерлері жедел жетіп, тілсіз жауды ауыздықтады.

Шымкентте газ сығымдалған вагон өртенді

Шақыртуға жедел жеткен төтенше жағдай қызметкерлері көшенің тарлығынан өз міндетіне бірден кірісе алмады. Теміржолға жақындауға мүмкіндік болмай, суды жеке үйлердің ауласынан шашты. Жалынның қарқыны мен ыстығы мамандардың ырқына көнбеді. Өрттің жеке үйлерді шарпу қаупі басым болғандықтан, адамдар қауіпсіз жерге көшірілген. Абырой болғанда тек екі үйдің қоршауы ғана бүлінді.

Шымкентте газ сығымдалған вагон өртенді

Алдын ала болжамға сәйкес, теміржолдан өтіп бара жатқан 59 вагон тиелген құрам екінші жолаққа ауыса бергенде соңғы цистерна аударылады. Осы кезде темірдің жанасуынан ұшқын шығып, сығымдалған газға толы вагонның аузы ашылып, газ төгілген. Содан жалын шарпи түседі. Өзге вагондарды ажыратуға кіріскен теміржол қызметкерлерінің бірі жарақат алып қалды.

Шымкентте газ сығымдалған вагон өртенді

Ол басынан қатты соққы алған. Миы шайқалған болуы мүмкін дейді жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері. Ашық жарақат алғандықтан, жарасын тігу үшін ауруханаға жеткізілді.

Жалпы ауданы 50 шаршы метрді шарпыған өрт түс ауа толығымен сөндірілді. Қазір төтенше оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Өртті сөндіруге 13 арнайы техника мен жеке құрамның 50-ден астам қызметкері жұмылдырылыпты.

Ернар Балабеков

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz