Шымкентте психоневрологиялық интернаттан өрт шықты

Шымкентте психоневрологиялық интернаттан өрт шықты

Шымкентте әлеуметтік мекеме өртке оранды. Төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша, жұма күні кешке Абай көшесінде орналасқан психоневрологиялық интернаттан өрт шыққан.

Шымкентте психоневрологиялық интернаттан өрт шықты

Суыт хабар түскен сәтте оқиға орнына 10 арнайы техника мен 67 өрт сөндіруші бірден аттанады. Олар отты өршітпей, аз уақытта жалынды ауыздықтап үлгерген. Қауіпсіздік шаралары үшін жолды жауып, интернат қызметкерлері сыртқа шығарылып, оқшауландырылыпты. Анықталғандай, қызыл жалын жалпы аумақтың 10 шаршы мерт жерін шарпыған.

Шымкентте психоневрологиялық интернаттан өрт шықты

Бір қызығы, мекеме өкілдері телеарнаның түсіру тобын оқиға орнына кіргізбеуге тырысты. Мұндай кезде азаматтардың қауіпсіздігін қарастыруға тиіс жауаптылар камерамен алысып, әлекке түсті. Абырой болғанда өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.

Зарипа Тұрысбекова, ОҚО ТЖД-нің бас маманы: «Өртті ауыздықтау кезінде 270 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Жалын толықтай сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ».