Шымкентте сауда орталығында майдың жануы әбігерге түсірді

Шымкентте сауда орталығындағы майдың жануы халықты әбігерге түсірді. 10 тамыз күні кешкісін «Фиркан-Сити» сауда-ойын-сауық орталығына келгендер ғимараттан тез арада сыртқа шығуға мәжбүр болды.

Шымкентте сауда орталығындағы майдың жануы әбігерге түсірді

Себеп — бірінші қабаттағы бөлмелердің бірінен қою көк түтін шығып жатыр. Соның салдарынан өрт қауіпсіздігі желісінің дабылы  іске қосылып кетті. Оқиға орнына тез арада бірнеше арнайы техникаға мінген ондаған өрт сөндіруші келді.

Шымкентте сауда орталығындағы майдың жануы әбігерге түсірді

Анық болғаны, асханадағы газда тұрған май жанған. Отты қызметкерлер өздері сөндіріп үлгерді. Дегенмен, кинотеатрдағы сеанс біраз уақытқа тоқтатылып, кейін қайта қосылды және қыдырып келушілер де серуендеуге кірісті.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР