Шымкентте Street Workout алаңы ашылды

888
Шымкентте Street Workout алаңы ашылды

Шымкентте Street Workout алаңы ашылды. Спорт алаңшасының ашылуына Қазақстан Республикасының ұлттық олимпиада комитеті қолдау көрсетті деп жазады қала әкімдігінің ресми сайты.

Шымкентте Street Workout алаңы ашылды

Шымкенттегі Тәуелсіздік саябағында ашылған алаңда ашық аспан астында спортпен жаттығуға болады. Салауатты өмір салтын сақтауға арналған Street workout қозғалыс құралдары облыс орталығының бірнеше аумағына орнатылып, тұрғындардың спортпен тегін шұғылдануына мүмкіндік тудырып отыр. Бұл ойын алаңдары 20-дан астам түрлі снарядтан құралған.

Шымкентте Street Workout алаңы ашылды

Аталған спорт алаңдарының құрылысы ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен әрі қаржылай қөмегімен. Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қолдауымен салынған. Бұл жоба еліміздің әр өңірінде балалар мен жастардың бұқаралық спортқа деген қызығушылығын оятуды көздейді дейді жауаптылар.