Шымкентте жұмыссыз азаматтың өзіне қол жұмсауы бойынша іс қозғалды

Шымкентте жұмыссыз азаматтың өзіне қол жұмсауы бойынша іс қозғалдыШымкентте жұмыссыз азаматтың өзіне-өзі қол жұмсауы бойынша қылмысты іс қозғалды. Еске салайық, 17 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Әл Фараби полиция бөліміне бір кісінің асулы тұрған өлі денесі табылғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер қаладағы шағын саябақтардың бірінің маңындағы жол шетіндегі қоршауға асулы тұрған бейтаныс азаматтың денесін анықтады. Денесін қарау барысында ешқандай қинау немесе ұрып-соғу белгілері анықталмаған.

Жәбірленушінің жеке басына тексеру жүргізген тәртіп сақшылары оның 1967 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны, жұмыссыз азамат екенін анықтады. Соңында әйелі және үш баласы қалды.

Қазір осы факті бойынша қылмысты кодекстің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР