Шымкентте жаңа мектеп бой көтерді

Шымкенттегі Ынтымақ шағынауданында жаңа мектеп бой көтерді. Осыған дейін тар бөлмелерді қанағат тұтып келген оқушылар су жаңа ғимаратта білім алады. Үш қабатты мектеп қыркүйек айында 1300 шәкіртке құшағын жаймақ. Бой көтерген жаңа нысан 900 оқушыға арналған.

Ғимараттың сынып кабинеттері заманауи жабдықтармен жасақталған. Оқушылар мен ұстаздар білім ордасының салтанатты түрде тапсырылуын асыға күтіп жүр. Шыдамы жетпегендерді мектеп директорының өзі ертіп, жеке-жеке таныстырды.

6666

№54 мектепте 1 300 оқушы бар. Олар бұған дейін 350 орынды, ыңғайластырылған білім ордасында оқып келген. Сабақтары үш ауысымда өтіп, тар бөлмені паналаған. Енді бұл ыңғайсыздықтар артта қалатын күн жақын. Оқушылар үш қабатты зәулім нысанда сапалы білім алып, үлкен көрсеткіштерге жетуді мақсат етеді.

4444

Ұлған Мәмешова, №54 мектеп директоры: «Жаңа ғимаратқа оқушыларды қабылдауға дайынбыз. Балалардың қуынышында шек жоқ. Мектеп жобасы сызылғаннан бастап басы-қасында болдым. Құрылыстың сапасы өте жоғары деңгейде болды. Мектебіміз көңілімізден шықты, әдемі. Барлық қажетті жабдықтармен жасақталған.»

Былтыр басталған мектеп құрылысына облыстық бюджеттен 840 млн теңге бөлінген. Бүгінде жаңа ғимарат толықтай пайдалануға дайын. Жылу мәселесі де оқу жылының басына дейін шешімін табады.

Ерғали Кұлажанов, учаске басшысы: «Қазір жылу құбырларын орнатып, тексеруден өткіздік. Барлығы дайын, тек газды жалғасақ болды. 1 қыркүйекке дейін жылу жүйесі іске қосылады.»

Сонымен қатар жаңа білім ошағында 56 бейне бақылау құралы орнатылған. Бұл жоба оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатына іске асып отыр. Бақылау пультін мектеп күзеті қадағалайтын болады.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР