Шымкентте жоғалған егіз жасөспірімдер табылды

501

Шымкентте анасы шарқ ұрып іздеп жүрген егіз бозбалалар табылды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

1 тамыз күні үйлерінен шығып кетіп, қайтып оралмаған 17 жасар Асан мен Үсенді тәртіп сақшылары теміржол вокзалының аумағынан тапқан. Ақыл-есінде кемістігі бар олар аман-есен, аналарына табысталды.

Полицейлердің айтуынша, үйінен алыстап кеткен егіздер адамдарға қай жерде тұратынын нақты айтып бере алмаған. Анық болғандай, бұл жеткіншектер осымен тоғызыншы рет жоғалып отыр екен.