Шымкенттің полицейлері өзін өртемек болған әйелді құтқарды

344
Шымкенттің полицейлері өзін өртемек болған әйелді құтқарды

Шымкент қаласында полицейлер өзін-өзі өртемек болған әйелді құтқарып қалды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

8 тамыз күні сағат 13:35 шамасында Абай саябағында орналасқан полиция бекетіне саябақ маңында белгісіз азаматша өз-өзін өртеп жатқаны туралы хабар келіп түседі. Оқиға орнына тез арада полиция сержанты Нұрбол Мұқашев пен полиция кіші сержанты Абылай Мырзахмет барады.

Шымкенттің полицейлері өзін өртемек болған әйелді құтқарды

Өртеніп жатқан әйелді көріп полицейлер оған көмекке тұра ұмтылады. Тәртіп сақшылары өртті сөндіріп, жедел жәрдем шақырған. Денесін күйік шалған әйел қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Ол 45 жастағы қала тұрғыны болып шыққан. Бұл әйел үстіне бензин құйып, от қойыпты.

Шымкенттің полицейлері өзін өртемек болған әйелді құтқарды

Қазір бұл оқиға Абай полиция бөілімінде тіркеліп, қылмысты кодекстің 105-бабымен (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) іс қозғалды. Тергеушілер оқиғаның орын алу барысын анықтауда.

Шымкенттің полицейлері өзін өртемек болған әйелді құтқарды