Шымкенттің полициясы Skype-байланысына шығады

201
Данияр Мейірхан
Данияр Мейірхан

Әл Фараби полиция бөлімінің бастығы - Данияр Мейірхан

Шымкенттің тұрғындары енді тәртіп сақшыларымен Skype арқылы байланыса алады. Қалалық жергілікті полиция мен қала әкімдігі тұрғындармен Skype-конференция өткізеді. Бұл туралы қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан мәлімдеді.

Əр дүйсенбі сайын қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы мен аудандардағы жауапты басшылары (кестеге сəйкес) бейнеқоңырауларға жауап береді. Бұған қоса азаматтар апта бойы @Shymkent_mps аккаунтына қоңырау соғып, бейне сауалдарды қалдыра алады.

«Учаскелік полиция инспекторлары мен кəмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың қызметіне қатысты шағым немесе ұсыныстарыңыз болса, Skype арқылы қоңырау шалуы қажет. Бейнеконференция жазып алынады жəне əр шағымға жергілікті полиция қызметкерлері міндетті түрде ден қояды. Аталған қызмет биылғы 5 қыркүйектен басталады» деп жазады Данияр Мейірхан.