Созақта инватакси қызмет көрсете бастады

Созақта инватакси қызмет көрсете бастады. «Асар» Оңтүстік Қазақстан мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Созақ ауданындағы филиалының ұйымдастыруымен теріскейде мүгедектерді тасымалдау (инватакси) қызметі тамыз айынан бастап өз жұмысына кірісті, деп хабарлайды Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Созақта инватакси қызмет көрсете бастады

Инватакси қызметі І топтағы, бала жастан мүмкіндігі шектеулі, жүріп-тұруы қиын, арбада отыратын жандарға жұмыс орны, оқитын орны, уәкілетті және орындаушы органдар, сот, прокуратура және де әлеуметтік салалар объектілері, әділет басқармасы, нотариус, медициналық мекемелер, автовокзал, сондай- ақ, арнайы мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерге тасымалдайды.

Созақта инватакси қызмет көрсете бастады

Қазіргі таңда аудан әкімінің бастамасымен мүгедектер қоғамына берілген ғимараттан 2 бөлме беріліп, жұмыс жолға қойылды. Атап айтсақ, әлеуметтік қызметке өтініш жазып, құжат өткізген мүмкіндігі шектеулі І топтағы азаматтар саны 15-ке жуық. Олар аталмыш қызметке бір күн бұрын тапсырыс беріп, жоғарыда аталған бағыттар бойынша күніне бірнеше рет пайдалана алады. Тіркелген азаматтардың атаған бағыттары бойынша арнайы жол парағы толтырылып, инватакси қызметін пайдаланғаны жайында дәлелдеме ретінде қол қояды.

Осы қызмет арқылы жұмыссыз, мүмкіндігі шектеулі 5 азамат жұмыспен қамтамасыз етілді. Атап айтсақ, инватакси қызметінің жауапты жетекшісі, 2 диспетчер, автокөлік жүргізушісі және еден жуушы қызмет етеді.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР