//
Жаңалықтар 

Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі Оңтүстіктегі салымшылары үшін мыңнан астам пәтер салады

Оңтүстікте тұрғын үй құрылысы жинақ банкі салымшылары үшін мыңнан астам пәтер салынады. Бұл өңір және банк басшылығы арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асады. Тұрғын үй құрылысына ұлттық қордан қаражат бөлініп те қойған.

дооомОсылайша ынтымақтастықты ресми түрде бекітіп, облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов пен “Қазақстан тұрғын үй құрылысы жинақ банкі ” АҚ басқарма басшысы Айбатыр Жұмағұлов меморондумға қол қойды.

“Нұрлы жол” инфрақұрылымдық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында орнаған ынтымақтастық нәтижесінде мыңнан астам салымшы пәтермен қамтылады. Несиелік үй құрлысына жергілікті атқарушы органдар желісімен ұлттық қордан 4,4 млрд теңге бөлінген.

Бұл қаражатқа 11 үй салынатын болды. Банк салымшыларына баспаналардың 1 шаршы метрі 140 мың теңгемен тапсырылады. Ал “Бәйтерек девелопмент” АҚ желісі бойынша жалпы аумағы 25 мың шаршы метрден асатын 432 пәтерлі үй бой көтереді. Оның шаршы метрі 180 мың теңгеге бағаланып отыр.

Банк бүгінде “Шымкент-сити” жобасын жүзеге асыруға да қызығушылық танытып отыр. Бүгінде бұл ауқымды құрылыстың салынатын аумағы да айқын. Қазір салаға жауаптылар барлық қажетті инженерлік коммуникациялар жүйесін қарастырып жатыр.

Айта кетейік, банк өңірде 2005 жылдан бері 3 мыңнан астам пәтерлі 126 тұрғын үйді пайдалануға берген. Сондай-ақ жыл соңына дейін жас отбасыларына арналған 216 пәтерлі 2 үйді жалға береді. Бүгінде облыста банктің 40 мыңға жуық салымшысы бар. Жинақтарының жалпы сомасы 20 млрд теңгеге жуықтайды.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz